Маунтбайктан қазақстандық спортшы Азия кубогінде топ жарды

26.08.2019 в 19:34

Малайзияда маунтинбайктан Азия кубогінің кезекті сериясы аяқталып, қазақстандық Кирилл Казанцев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Тengrinews.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Олимпиадалық кросс-кантриден өткен жарыста қазақстандық спортшы мәреге бірінші болып келді. Казанцевтің уақыт көрсеткіші - 1:35.43. Екінші және үшінші орында жапон спортшылары иеленген. Темірлан Мұхамедиянов пен Әділ Шәкіров тиісінше бесінші және алтыншы орынды иеленді.

Сондай-ақ, эстафетада қазақстандықтар мәреге бірінші болып келді. Эстафеталық сында Қазақстан намысын Кирилл Казанцев, Егор Карасев,Татьяна Богданова және Александр Дымовских қорғаған болатын.