Хабиб Нурмагомедов кеткеннен кейін UFC-дің жаңа чемпионы анықталды
Фото: UFC
Тек наурызда UFC Оливейра мен америкалық Майкл Чендлер жаңа чемпион атағын сарапқа салады деп шешті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бразилиялық файтер Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұзақ уақыт Хабиб Нурмагомедовте болған белбеу ол карьерасын аяқтағаннан кейін бос қалған еді. Ресейлік файтер спорттан кететінін былтыр қазанда мәлімдеген, бірақ титул ұзақ уақыт бойы Хабибте қалған болатын.
Тек наурызда UFC Оливейра мен америкалық Майкл Чендлер жаңа чемпион атағын сарапқа салады деп шешті.
Файтерлер Хьюстондағы UFC 262 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесті. Бірінші раундта екеуі де белсенді болды. Бірақ екінші бесминуттық бастала салысымен Оливейра Чендлерді соққының астына алды. Сол сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40