Америкалық боксшы осымен 36 кездесуін өткізіп, 27-ші жекпе-жекті нокаутпен аяқтады
Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд жартылай орта салмақта бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол литвалық Эгидиюс Каваляускаспен кездесті. Қос боксшы Нью-Йорк қаласындағы Мadison Square Garden аренасындаөткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты.
Жетінші раундта Кроуфорд Каваляускасты нокдаунға түсірді, ал тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы осымен 36 кездесуін өткізіп, 27 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетейік, Кроуфорд осы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда орта салмақта ауысатынын айтқан еді. Бұл дивизионда IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де бар.