Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кезекті жекпе-жегін 25 ақпанда өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жекпе-жек кеші Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Оның қарсыласы әлем чемпионы белбеуіне үміткер Ұлыбритания елінің өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО) болмақ.
ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бұл айқаста орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы ақпарат таратты.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам алғашқы жоспар бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарында жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, коронавирустық шектеулерге байланысты жарыс кейінге шегерілді.
Джимми Келли соңғы кездесін өткен жылдың 12 желтоқсанында өзнің отандасы Гарри Мэттьюспен (16-50-3, 2 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа жіберген.
Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін өткен жылы 20 ақпан күні Майамиде өткізген. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!