Жанбота Алдабергенова халықаралық акробатика турнирінде алтын жеңді

14.02.2021 20:31

АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр

olympic.kz

Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Отандасымыщ 85.68 нәтижесімен топ жарды.

76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-шы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-ші болды.