Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар
IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен серіктестіктегі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі қашан өтетін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
GGG көктемде рингке оралып, міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметке қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде Геннадий 5 қазанда Сергей Деревянченкодан жеңіп алған IBF титулын алғаш рет қорғайды. Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар.
«Головкин Шереметпен наурыздың соңында, нақтырақ айтсақ, 28 наурызда кездесуі мүмкін», - деп мәлімдеді Хирн.