«Теректі» шағынауданының тұрғындары жарық мен асуызсуға жарымай отыр

открытые источники
открытые источники
Алатау әкімдігі инженерлік желі тартамыз деп уәде берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бүтін бір шағынаудан тұрғындары өркениеттен шет қалдық деп қапалы. Теректі жұрты ауыз суға жарыған емес, жарық та сөне береді. Шұрық-тесік жол тіпті мезі етті дейді жұрт. Ал Алатау ауданы әкімдігі коммуналдық желіні тартудан бас тартып отыр. Сөздерінше, жеке тұрғын үйлер рұқсат құжатынсыз тұрғызылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Клара Мұратқызының «Теректі» шағынауданында тұрып жатқанына 10 жылға жуықтаған. Содан бері тіршілік көзін үнемдеуге мәжбүр. Себебі ұңғыма суы тұтынуға жарамайды. Тек күнделікті өзге қажеттіліктеріне жаратып жүр.

«Суды тасып ішіп жатқанымызға 15-20 жыл болды. Қашанғы бұлай өмір сүруге болады. Қалаға кіргенімізге міне 5 жыл болды. Не ауыз су әлі жоқ. Қаланың ішінде отырмыз ауызсу жоқ. Жарықты әркім әр көшеге жалған», – деді Клара МҰРАТҚЫЗЫ.

Шағынаудан тұрғындары электр энергиясын жеке трансформатор арқылы алып отыр. Жарық жиі сөніп қала береді, - дейді тұрғындар. Сол себепті қараңғыда отыруға мәжбүрміз дейді.

«Көшеміздің жарығы әркім әр жерден алған жалпы жарық жоқ. Әрқайсысынікі әр түрлі жанады. Боран, жел болғанда жарық сөніп қалады. Суымыз да сол жарыққа байланысты. Сусыз, жарықсыз қаламыз», – деді Тамара СЫЗДЫҚОВА.

«Теректі» шағынауданының қала аумағына өткеніне де 5 жылдан асқан. Алайда осы уақытқа дейін жол жөнделмепті. Сондықтан КазМис кварталы көшесінің тұрғындары өздері ақша жинап қалпына келтірген. Көп ұзамай барлығы қайта бұрынғы кейпіне еніпті. Алатау ауданы әкімдігі бұл мәселеден хабардар екен. Мұнда инженерлік желіні тартамыз деп уәде берді.

«Келесі жылға осы инженерлік желілерді салу бойынша құрылыс жұмыстары жоспарлануда. Жол салуға жобалық сметалық құжаттама жасалатын болады. Ол да тиісті басқарма мәліметіне сәйкес», – деді Алматы қаласы Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ертіс БЕСІРОВ.

Аудан әкімдігі электр желілерінің басым бөлігінің тозығы жеткенін айтады. Оны әу баста тұрғындар өз күшімен жүргізген екен.

«Аудан әкмішілігі тарапынан сол желілерді иесіз деп тану мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізілді. Тиісті басқармаға берілді. 2017 жылы соттың шешімімен ескі желілер иесіз деп танылып, иесіз деп танылғаннан кейін мемлекеттің коммуналдық меншігіне өтеді. Алынған желілерге қайта құрылымдау және жаңа желілер салу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары дайындалуда», – деді Алматы қаласы Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ертіс БЕСІРОВ.

Аудан әкімдігі су желісі мен жолды жөндеу жұмыстарының нақты қай уақытта жасалатынын кесіп айтқан жоқ. Тұрғындарға әлі де осылай өркениетсіз күн кешуге тура келеді.

Перизат Көмекбайқызы, Жадыра Жалдыбаева, Рашит Шүкірәлиев, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров