|
25.07.2022 | 12:59
1073

Қазақстанда халықаралық спорттық ату федерациясының рейтингтік Гран-приі мен стенд атудан Х Азия чемпионаты өтеді

Жарысқа әлемнің 20 елінен және Азия континентінен 300-ден астам мықты спортшылар қатысады

Қазақстанда халықаралық спорттық ату федерациясының рейтингтік Гран-приі мен стенд атудан Х Азия чемпионаты өтеді Фото: olympic.kz сайтынан
2022 жылғы 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Алматы облысында (Қазақстан Республикасы) Александр Асанов атындағы ату клубында ISSF рейтингтік Гран-При және стенд ату спортынан Х Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарыстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Жарысқа әлемнің 20 елінен және Азия континентінен 300-ден астам мықты спортшылар қатысады.

Александр Асанов атындағы клубтың тәжірибесінде мынадай ірі жарыстар өткізілді: Одақтың жыл сайынғы ашық чемпионаты, 2009, 2013,2015, 2019 жылдардағы Азия чемпионаттары, 2014 жылы стенд ату бойынша Әлем Кубогының (ISSF) кезеңі өткізілді, оған әлемнің 47 елінен 350-ден астам қатысушы жиналды, 2021 жылы жасөспірімдер арасында ISSF Әлем Кубогы аяқталды, оған әлемнің 10-нан астам елі қатысты.

Александр Асанов атындағы ату клубында атыс спортының барлық элитасы жиналады.

Жарысқа қатысуға келетін спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілер алқасы ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынады, ресми делегация, спортшылар мен жарысқа қатысушылар COVID-19 үшін ПТР-тестілеуді тапсырады. Турнир спорттық нысанда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткендер:
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
  • Бас серіктес - "Самұрық-Қазына" АҚ
  • "Sport Qory" қолдау қоры
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті
  • Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері;
  • Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы;
  • "Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы" ҚБ.
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир