Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында қазан айының үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Үздік атануға жалпы есебі жеті спортшы үміткер болды. Олар: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов (шорт-трек), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі), Софья Берульцева, Мөлдір Жаңбырбай, Қайсар Алпысбай (каратэ).
Дауыс беру нәтижесі бойынша шорт-тректен Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша топ жарды.
Дауыс беру 7 қараша күні 12:00-де тоқтады. Денис 73,45 пайызбен көш бастады. Оның ізін ала Жәмиля Бақбергенова мен Алмат Кебіспаев орналасқан.