Қанат Ислам жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
sports.kz
«Қазақтың» қарсыласы эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Sports.kz агенттігі хабарлады.
«Қазақтың» қарсыласы эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) болмақ. Орта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған. Екі боксшы да орта салмақтағы лимитті (72,6 кг немесе160 фунтов) орындады. Таразыда Қанат Ислам 72,6 кг салмақ көрсетсе, оның қарсыласы – 72,1 кг. Бұған дейін хабарланғандай, бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшы жекпе-жекке қатыспайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52