Шетелден ұшып келген 337 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

islam.kz
islam.kz
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тес тапсырып, карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

9 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

19 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2 761 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 2 424 адам, анықтамасыз - 337 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 608 жолаушы, анықтамамен - 1 354, анықтамасыз - 254;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 106 жолаушы, анықтамамен - 1 023; анықтамасыз - 83;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тес тапсырып, карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. Ал 18 ақпанда анықтамасыз келген барлық 451 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.



Новости партнеров