|
18.11.2019 | 13:04
1582

Киберспорттан қазақстандық «Авангард» командасы Орта Азия елдері арасынан топ жарды

Мұндай ауқымды шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр

Киберспорттан қазақстандық «Авангард» командасы Орта Азия елдері арасынан топ жарды

Алматыда өткен гранд-финалда Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан құрамалары қатысты. Үш күнге созылған жарыс: онлайн ойындардың төрт түрі бойынша өттті. Counter-Strike-тан Қазақстан намысын қорғаған «Авангард» құрамасына тең келер ешкім болмады, Мұндай ауқымды шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырғаннан ба, гранд-финалға жиналғандардың қарасы көп болды. Қытай елінде өтетін әлем біріншілігіне Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстаннан бөлек, көршілес төрт елден 80-нен астам киберспортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың қатарында StarCraft II ойынында үздіктердің бірі – қазақстандық Әділет Сатыбалдин.      

«Мен жарыстың гранд-финалына шақырылдым. Себебі, рейтингім жоғары. Бүгін финалда қазақстандық Антон Рудьпен ойнаймын. Осы уақытқа дейін тыңғылықты дайындық өткіздім. Өйткені бұл мен үшін маңызды турнир. Мұндағылардың барлығы мықты ойыншылар», – деді жарысқа қатысушы Әділет САТЫБАЛДИН.  

Әлем чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңі Counter-Strike, StarCraft II, Dota2, PES 2020 ойындары бойынша өтті. Онда бес елден 6 команда бақтарын сынады. Counter-Strike-тан гранд финалға қос Қазақстандық команда шықты. Авангард Саймон Геймингьті 2-0 есебімен жеңіп келесі кезеңге жолдама алды.      

«Бүгін жеңімпаз атанғандар келер жылдың қаңтар айында Индонезияда өтетін Азия-Тынық мұхиты елдері арасындағы екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсететін болады. Бүгінгі финалға қатысып жатқан барлық құрама мықты. Себебі, олар өз елдерінің ең жақсы ойнайтын киберспортшыларын алып келген», – деді Қазақстан кибеспорт федерациясының вице-президенті Евгений БОГАТЫРЕВ.

Ал, қонаққа келген құрамалардың өкілдері жарыстың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын айтады. Спорт сарайына келіп жарысты тамашалағандардан бөлек, жарыстың онлайн трансляциясын 30 мыңнан аса көрермен тамашалаған.    

«Біз мұндай халықаралық деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып отырмыз. Және сіздердің спортшылармен қатар, ұйымдастырушылардан да үйренеріміз көп. Гранд-финалдың алғашқы күнінен бастап, федерация мен ұйымдастырушылардың көп тер төккені көрініп тұрды. Одан бөлек әлемнің кез-келген жеріне тікелей трансляция тарату жағын да үйренсек пе деп едік», – деді жарысқа қатысушы Мовчан РОМЕН.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі жылдың қаңтар айында Индонезиның Куала-Лумпур қаласындағы іріктеуге Қазақстандық Авангардтан бөлек, Әділет Сатыбалдин барса, РЕС 2020 ойынынан Өзбекстандық спортшы Салохиддин Есанов алдына жан салмай үздік атанды.

Арнат Дүйсен, Валерий Таубалдиев "Алматы" телеарнасы     

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир