|
11.11.2023 | 13:11
777

Ауылдың жүз футбол командасына қолдау көрсетіледі

Жоба аясында үш мыңнан аса ауыл баласы қамтылады

Ауылдың жүз футбол командасына қолдау көрсетіледі Сурет: еlements.envato.com

Ауылдың 100 футбол командасына қолдау көрсетіледі. Бас демеушілік көрсеткен қайырымдылық қорымен екіжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Демеуші тарапынан төмендегідей қолдау көрсетіледі:

- 100 ауылдың балалар футбол командасына жаттығу жабдықтарын сатып алуға жәрдемдесу;

- ауыл командалары арасында 17 облыстық турнир және республикалық деңгейде финалдық турнир өткізу;

- 100 ауыл жаттықтырушысын УЕФА-ның «D» санаты бойынша оқыту;

- Алматы облысы құрама командаларының оқу-жаттығу процесін және олардың беделді жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.

Жұмыс 12 айға жоспарланған. Үш мыңнан астам ауыл баласы жоба аясында қамтылады.

2023 жылдың маусым айында аталған қайырымдылық қор Алматы облысынан келген 200 астам жас футболшының басын қосқан екі күндік турнирге демеушілік жасады.

Үздік ойыншылардан Алматы DUFL лигасы мен Алматы балалар лигасына қатысатын команда жасақталды.

Қор команданы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. 

Турнир өткеннен кейін «Ауыл футбол» жобасы ауылдардағы балалар комансы арасында бұрынғыдан да танымал бола түсті. Турнирден кейінгі үш ай ішінде жобаға қатысушы командалар саны 32 командаға дейін өсті (24 команда болған).

«Ауыл Футбол» жобасы 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды.

3,5 жылда бірнеше жоба жүзеге асырылды:

– Қарасай ауданындағы Райымбек және Абай, Алматы облысының Ащыбұлақ, Көксай, Іргелі ауылдарында, сондай-ақ Қызылорда облысының Төребай ауылында жаңа клубтар құрылды. Жуырда Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бірнеше клуб ашылады.  

- Алматы және Ақтөбе облыстарында 2 футбол алаңы салынды.

- «Кішкене істер саясаты» атты балалар командаларын қолдау бағдарламасы іске қосылды: 80 астам балалар командасы демеушілер көмегімен жаттығу жабдықтарын, спорт киімдерін, доп сатып алды.

- Әртүрлі шағын жобаларға бірқатар демеуші тартылды;

- 35 астам, оның ішінде 6 республикалық турнир өткізілді;

- Ауыл командалары жаттықтырушыларына 30 астам семинар өткізілді;

- «Futbol Week End» атты 3 іс-шара өткізілді, оның бағдарламасына спорт  жарыстары, мәдени-танымдық іс-шаралар және дәрістер кіреді;  

- Ересектер мен ата-аналардың футболға қызығушылығын арттыру мақсатында 2 рет «Отбасы және футбол» фестивалі өткізілді;

- Жобаға қатысушы 30 астам команда – түрлі жарыстың, соның ішінде халықаралық жарыстың тұрақты қатысушысы. Мысалы Маңғыстаудың «Ақшұқыр» командасы – Қазақстан чемпионы және Қырғызстанда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қатысушылар саны күннен-күнге артып келеді;

«Ауыл футбол» жобасы Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, БҚО, Павлодар, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында бар.

Жобаға демеушілік көрсеткен қайырымдылық қор 2016 жылы құрылып денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік қорғау сияқты қоғамдық өмірдің маңызды салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру және қолдаумен айналысады.

2021 жылы қор Қазақстан Республикасында халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту саласында белсенді әлеуметтік қолдау көрсетті.

Оқи отырыңыз:  Алматыда «City Run 2023» маусымындағы қорытынды жарыс өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир