Олимпиада чемпионы Баландин Америкада алтын алды
olympic.kz
Жарыс барысында Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Атлантада жүзуден өтіп жатқан АҚШ ашық біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, аталмыш турнирге Қазақстаннан Д.Баландин мен Әділбек Мусин қатысуда.
Жарыс барысында Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шықты. Оның көрсеткіші – 59.36. Америкалықтар Андрю Уилссон (59.54) мен Коди Миллер (59.92) екінші және үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, Д.Баландин – 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына олжа салады-ау деген басты үміткерлердің бірі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39