Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алтыншы алтынды жеңіп алды

05.10.2023 18:22

Ел құрамасы сапында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский сынға түсті

Фото: Telegram/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасы сапында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский сынға түсті.

Дүбірлі додада 210 шақырымға созылған бәсекеде Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып қиса, екінші орын Алексей Луценкоға бұйырды.

Айта кетсек, Алексей Луценко шосседегі веложарыста үздік шықты.

Осылайша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы қоржынына алтыншы алтын түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты.