«Еңбек» бағдарламасы: Алматыда 22 жаттықтырушы балаларға ашық спорт алаңдарында сабақ өткізеді

fizkultura.ua
fizkultura.ua
Спорт басқармасының басшысы 2023 жылға қарай қаладағы орталықтарды 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын, биыл қосымша 50 орталық ашылатынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Еңбек» бағдарламасымен 22 жаттықтырушы балаларға ашық спорт алаңдарында сабақ өткізеді. Бұл тәжірибе бірнеше жыл бұрын қалалық Спорт басқармасының бастамасымен мегаполисте пайда болды. Бүгін «Еңбек» бағдарламасы аясында 22 маман жұмысқа кірісті, олар 500-ге жуық баланы оқытады. Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Р. Байсейітов атап өткендей, Алматының алты ауданында жекпе-жекті оқыту орталықтары ашылды. Жаттығуларды Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 14 жаттықтырушысы жүргізеді. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында 50 демалыс орталығы бар, оларда спорт секциялары мен үйірмелері ақысыз жұмыс жасайды, оларда 5 280 адам қамтылған.

Спорт басқармасының басшысы 2023 жылға қарай қаладағы орталықтарды 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын, биыл қосымша 50 орталық ашылатынын айтты.

Р. Байсейітов алматылық мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде спорттық өмірге қалай тартылғанын айтып берді.

«Биыл 8-12 жас аралығындағы балаларға жүзу негіздері бойынша тегін оқытудың қалалық бағдарламасы қолданылды. 2100 бала қамтылды, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері  де бар. Сондай-ақ, Алматы қаласының аулалық командалары арасында 4500-ден астам баланы қамтитын футбол лигалары ұйымдастырылды», – деді Р. Байсейітов

Новости партнеров