|
18.05.2021 | 13:27
9359

Кәсіпкерлер #АуылФутбол жобасына қандай қолдау көрсетіп жатыр

Ауылдардағы балалар футболының басты мәселелерінің бірі сапалы спорт алаңдарының, құрал-саймандардың және спорттық киімнің тапшылығы болып табылады

Кәсіпкерлер #АуылФутбол жобасына қандай қолдау көрсетіп жатыр matritca.kz

21 мамыр Алматы облысының Абай ауылында «Ауыл Футбол» жобасының аясында Sun finance халықаралық холдингімен бірлесе дайындалған презентация өткізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі matritca.kz-ке сілтеме жасап.

Ауылдардағы балалар футболының басты мәселелерінің бірі сапалы спорт алаңдарының, құрал-саймандардың және спорттық киімнің тапшылығы болып табылады.

«Ауыл Футбол» әлеуметтік жобасы аталған мәселелерді шешуде өз үлесін қосуда. 2020-2021 жылы бірнеше ауылдарда шағын футбол алаңдары салынды, 30-дан астам ауылдық футбол клубтарына материалдық көмек берілді, сонымен қатар 7 турнир мен жаттықтырушыларға арналған семинарлар, балаларға арналған экскурсиялар мен турнирді қамтитын «Алматы облысындағы футбол Уик-енді» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

«Біздің жоба балалар футболын, сонымен қатар ауылдық балалар футболын жоғары деңгейде қолдау шешіміне жанама әсерін тигізе алды. Кәсіби футбол клубтары бюджетінің бір бөлігі енді балалар футболының дамуына бағытталады. Бұдан бөлек қазір жергілікті бюджеттер қаржы бөліп жатыр және ауылдарда футбол алаңдары салынуда. Осыған байланысты біз демеушілердің көмегін құрал-саймандарға және жарыстарды ұйымдастыруға бағыттап жатырмыз», деп хабарлады Серік Мәмбетов.

Жобаға қатысу үшін командалар бірнеше талаптарды орындау қажет. Ең алдымен команда ауылдан болу керек, балалардың жасы 10-нан аспауы тиіс. Сонымен қатар олардың әлеуметтік желілерде парақшалары болуы керек. Ойыншылар Fair Play және NoRacism қағидаларын ұстануы міндетті.

«Біздің ойымызша, жұмыстағы осындай жүйелілік демеушілер мен жарнама берушілерді қызықтыруы тиіс. Мен жобамыздың ең ірі демеушісі – онлайн несие саласындағы Sun Finance халықаралық холдингі (https://sunfinance.group) қатарымызға қосылғаны жайлы қуана хабарлаймын. Sun Finance арқасында біз биыл еліміздң бес аймағында бес турнир, ауылдық жаттықтырушыларға арналған семинарлар өткіземіз, сонымен қатар ауылдық клубтарға спорттық құрал-сайман алуға көмектесеміз», деп айтты С. Мәмбетов.

«Ауылдағы спортты қолдау – керемет мүмкіндік. Қаламен салыстырғанда ауылдарда балалардың спортпен айналысу мүмкіндігі әлдеқайда аз екендігі бәрімізге мәлім. Біз еліміздің балаларына арналған маңызды жобаның бөлігі болуға қуаныштымыз. Сонымен қатар футбол - біздің компаниямызға жақын спорт түрі, себебі компания негізін қалаушылардың бірі Эмилс Латковскис UEFA футзал және жағажай футболы комитетінің мүшесі болып табылады»,– деп айтты Sun Finance Group-тың (https://sunfinance.group) Орталық Азия хабының бас директоры Виталий Нижегородцев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир