Алматыда Жеңіс күніне орай велошеру өтті

09.05.2023 в 18:30

Қатысушылар 60 километр қашықтықты еңсерді

Алматы қаласының велосипед қауымдастығы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай велошеру өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Жылда өтетін шеру биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар 60 километр қашықтықты еңсерді. Әль-Фараби даңғылынан басталған шеру 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта аяқталды.

- Жексенбі сайын өтетін жарыстарға қатысып тұрам. «Денсаулыққа пайдалы» деп спортпен айналысып жүрмін, - деді қатысушы Темір Орақбаев.