Чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады
Софияда өтіп жатқан "Странджа-2021" халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова Софияда чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.
Сондай-ақ, жартылай финалда жеңіліс тапқан Карина Ибрагимлва жарыстың қола жүлдегері атанды.