Димаш GGG-ді жеңісімен құттықтады
МИА «Казинформ»
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген отандасы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бауырым, кезекті жеңісіңмен құттықтаймын! Басқаша болуы да мүмкін емес еді», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Естеріңізге сал кетсек, кеше Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді.
Төрешілердің шешімімен жеңіс тұғырынан көрінген отандасымыз орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.
Геннадий Головкинді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісімен құттықтаған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31