Спортшы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен WADA шешіміне қарсы шағым түсіре алады
Қазақстандық ауыратлет Зульфия Чиншанло Халықаралық ауыр атлетика федерациясы және WADA шешімімен спорттан 8 жылға шеттетілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. Бұл оның екінші рет допинг қабылдағаны анықталып, жазаға тартылуы.
Зульфия антидопинг ережесін екінші рет бұзғаны үшін спорттан 8 жылға шеттетіліп отыр. 2022 жылдың соңында тапсырған қан сынамасынан "Метандиенон" препараты табылған.
7 жыл бұрын ХОК WADA көмегі арқылы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы чемпионын допинг қолданғанын анықтаған еді. Нәтижесінде Зульфияны чемпиондық атағынан айырып, 10.06.2016 – 10.06.2018 жылдар аралығында жарыстардан шеттеткен болатын.
Спортқа қайта оралғаннан кейін Зульфия Токио Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді. Азия чемпионатында алғаш рет топ жарды.
30 жастағы спортшы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен WADA шешіміне қарсы шағым түсіре алады.
Оқи отырыңыз: Алтын тұғыр: Ұлттық спорттың үздіктері марапатталды