Ұлттық спорттың үздіктеріне «Алтын тұғыр» сыйлығы табысталды. Дәстүрлі додада биылғы кіл жүйріктер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
10 аталым бойынша спортта сайыпқыран атанған сала саңлақтарына арнайы мүсін мен ақшалай сыйақы берілді. Мерейі тасып құрметке бөленгендер қатарында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге және құсбегілік бойынша жыл спортшылары бар. Сондай-ақ салаға ұзақ жылын сарп етіп, еңбегімен елге танылған жаттықтырушылар да марапат төрінен көрінді.
– Құсбегілікпен әкем, оның әкесі айналысқан. Атырауда өткен XVI чемпионатта бірінші орын алдым, – деді «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері Арманбек Күнтуған.
Салтанатты іс-шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та қатысты. Төменгі палата спикері Мемлекет басшысының қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзін жеткізді. «Елімізде ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр» деген ол көк байрағымызды төрткүл дүние төрінде желбіретіп жүрген спорт саңлақтарына қолдау қашанда көрсетілетінін айтты.
Айта кетсек, биыл ұлттық спорт түрі бойынша қазақстандық ойыншылар 12 халықаралық жарыста бақ сынап, 35 алтын, жалпы 95 медальді иеленген.
– Ұлттық спорт қауымдастығының мақсаты – спорт түрлерін қазақстандықтар сенбі-жексенбі айналысатын жалпы ұлттық спорт қозғалысына айналдыру. Сол бағыттағы жұмыстың нәтижесі ұлттық спорттың үздіктерін мемлекет және қоғам қайраткері, өнер жұлдыздары анықталады, – деді «Алтын тұғыр–2023» Ұлттық сыйлығы ұйымдастыру комитетінің өкілі Ринат Кертаев.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!