Қазақстан құрамасы фристайлдан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Шымбұлақта өткен турнирде 14 мемлекеттен келген 80-ге жуық спортшы бақ сынаған. Еліміздің намысын Аяулым Әміренова, Павел Колмаков пен Антон Бондарев қорғады. Әміренова ақтық сынға өткенімен, үздіктер қатарынан көріне алмады.
«Трасса өте тамаша. Былтыр, өздеріңіз білесіздер, басқа жерде өтті. Биылғы жер маған өте ұнайды. Қар жұмсақ, ауа райы жылы. Қуаныштымын. Енді кем-кетікпен жұмыс істеу керек», – деді Фристайлдан Қазақстан құрамасының мүшесі Аяулым Әміренова.
Ал ерлер арасындағы сайыста Антон Бондарев іріктеуден өтпеді. Ал Колмаков супер-финалға дейін барды. Ақтық сында ол 6 үміткермен бақ сынады. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдені жеңіп алды.
«Бақыттымын. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұған мен бір маусым бойы еңбектендім. Оңай олжа жоқ. Әрине, мен ақтық сында техникалық қателер жібердім. Бірақ жүлденің аты жүлде», – деді Фристайлдан Қазақстан құрамасының мүшесі Павел Колмаков.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!