|
20.03.2023 | 14:25
3296

Елімізде 121 келі есірткі тәркіленді

Жас жігіттен мефедронмен бірге 265 оқшауланған түрлі-түсті орама табылған

Елімізде 121 келі есірткі тәркіленді жедел түсірілім

Елімізде соңғы бір аптада заңсыз жолмен тасымалданбақ болған 121 келі есірткі тәркіленді. Оның 6,5 келісі - синтетика. Есірткіге қарсы күрес қызметкерлері құқық бұзған 124 дерек анықтаған. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Полиция департаменті жүргізген арнайы операция нәтижесінде синтетикаларды көтерме саудамен өткізбек болған мегаполис тұрғыны ұсталған. Зиянды затты қолдан-қолға тасымалдап жүрген Алматы облысының тумасын  да тәртіп сақшылары құрықтады. Жас жігіттен мефедронмен бірге 265 оқшауланған түрлі-түсті орама табылған.

«Ұсталған Алматы облысының тумасы есірткі сатумен тұрақты түрде айналысып келген. Ол қылмыстық әрекетін өткен жылы курьер ретінде бастаған. Алты айдан кейін ол синтетикалық және психотроптық заттарды әртүрлі жерге тығып кетуді бастаған. Соңғы әрекеті ол салмағы 200 грамнан асатын, үлкен мөлшерде орамалар әзірлеп, әртүрлі жерге тығып кеткен», – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир