Алматы арена спорт кешенінде аралас жекпе-жектен АСА 105 турнирі өтеді

04.03.2020 18:43

Барлық спортшылар жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді

bazis.kz

6 наурызда аралас жекпе-жектен естен кетпес шоу болады. Алматыда ашық жаттығу өткізген сегізбұрыш жұлдызы Расул Мирзаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кету керек, осы жұма күні Алматы арена спорт кешенінде аралас жекпе-жектен АСА 105 турнирі өтеді. Онда басты кездесу қазақстандық Арман "Сұңқар" Оспанов пен Расул Мирзаев арасында болмақ. Одан бөлек, Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Нұрсұлтан Қасымханов және Ермек Тілауов сынды отандастарымызда өнер көрсетеді. Барлық спортшылар жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізіп, Арман Оспанов пен Расул Мирзаев көпшілік алдында алғаш рет көз түйістірді.

«Көңіл-күй Аллаға шүкір жақсы. Күнделікті күнтізбеміз жақсылап келіп жатыр. Бойға шығу 3 күн қалды. Сол 3 күнде аман-есен салмағымызды өткізіп, Қазақ елін қуантсақ па деген ойдамыз», – деді  аралас жекпе-жек шебері Арман ОСПАНОВ.

«Қазақстан мен үшін өз елімдей болып кетті. Мен мұнда төрт кездесу өткіздім. Барлығында да жергілікті жанкүйер жақсы қабылдап алды. Ал, Арман Оспановқа келетін болсақ ол мықты спортшы. Керемет кеш болатынына сенімдімін», – деді  аралас жекпе-жек шебері   РАСУЛ МИРЗАЕВ.