19 қазанда «Медеуде» сырғанау маусымы ашылады

19 қазанда «Медеуде» сырғанау маусымы ашылады
Бақытжан Сағынтаев мұз айдынының жаңа маусымға дайындығын тексерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Медеу» мұз айдынының жаңа маусымға дайындығын тыңғылықты тексерді. Қала басшысы демалыс орнының алып шаһар мақтанышына айналған тарихи сәулет келбеті қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жалға берушілер бұрынғы конькилерді жаңартып, бас-аяғы олардың саны 2000-нан 3500-ге  дейін артқан екен. Билет беру жүйесінің де жаңарғанын алға тартты әкім. Айтуынша, қазір бірыңғай билет беріледі, оның құрамына прокатқа дейінгі шараның бәрі енген. Ыңғайлысы- билетті онлайн алуға да болады.

«Мұз айдынының жұмысы екі емес, үш ауысыммен ұйымдастырылыпты. Айдынның салқын бөлігінде фудкорт және демалыс орындары ұйымдастырылады», -  деген әкім, қалалықтар мен шаһар  қонақтарын 19 қазанда жаңа маусымының ашылуына шақыратынын айтты.


Новости партнеров