Бибісара Асаубаева неге Ресейде тұрады
Қазақстандық шахматшы өзіне қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық шахматшы өзіне қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде оның тұрғылықты тұратын жеріне қатысты сұрақтардың көп болатынын айтты, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Менің неге Мәскеуде тұратыным жайында сұрақ көп. Мен Қазақстанның атынан жарысқа қатысамын, бірақ Мәскеуде тұрамын. Өйткені, менің жаттықтырушыларым Ресейден», – деді ол.
Асаубаева дәл қазір нақты қай жерде тұрақтайтынын білмейтінін айтты.
«Жоспарым көп. Бәлкім, бәрі оңынан болар. Қай елде тұратыным әлі белгісіз, әлем де қазір тұрақты емес. Ең бастысы, жақындарым қасымда болса болды», – деп атап өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40