Елімізде биыл 23 есірткі зертханасы жабылған. Бұл туралы елдің ІІМ мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңсыз жұмыс істеп келген нысандар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Ақмола қаласы және Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысында анықталып отыр. Мұнымен қоса 4,5 тонна түрлі есірткі заты тәркіленген. Оның 2,2 тоннасы марихуана, 400 келіден астамы гашиш, ал 87 келісі синтетикалық есірткі. Бұл ретте «Қарасора» операциясы кезінде республика аумағында 607 есірткі қылмысының анықталғанын қоса кеткен жөн.
«Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 874 сату және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактісі бар. Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау мен Павлодар облысының аумағына каннабис тобының синтетика есірткілерін жеткізумен айналысып келген 3 ұйымдасқан топтың жолы кесілді», – деді ҚР ІІМ Есірткі кылмысына карсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов.