Қазақстандық теннисшілер алғаш рет «Ролан Гаррос» ширек финалына шықты
Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Бублик дуэті голландиялық Весли Колхоф пен Жан-Жюльен Роже жұбын жеңіп, қазақстандық теннис тарихында тұңғыш рет Франция ашық біріншілігінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды. Осы уақыт ішінде Андрей мен Александр 8 брейк-пойнттың екеуін орындай алды.
Бублик пен Голубев «Ролан Гаррос» ширек финалында Хьюго Нис (Монако)/Тим Пюц (Германия) - Ромен Арнеодо (Монако)/Бенуа Пэр (Франция) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, бүгін, 6 маусымда «Ролан Гаррос» кортына Елена Рыбакина шығады. Қазақстандық теннисші америкалық Серена Уильямспен кездеседі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43