Көкпардан Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты. Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды.
Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды.
«Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Көшпенділер ойындары: Қазақстан үшінші күні қанша алтын жүлде жеңіп алды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31