«Астана» капитаны «Тур де Франстың» бірінші кезеңінде жол белгісіне соқтығысты

30.08.2020 18:57

156 шақырымға созылған алғашқы кезеңде шабандоздар он шақты рет құлады

kapital.kz

«Астана» велокомандасының капитаны колумбиялық Мигель Анхель Лопес «Тур де Франстың» бірінші кезеңінде екі рет құлады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл кезеңде велошабандоздар Ниццада жарысқан, сол сәтте қалада жаңбыр жауды. 156 шақырымға созылған алғашқы кезеңде шабандоздар он шақты рет құлады. 

Лопес жаңбырдан кейінгі тайғанақ жолда велосипедін басқара алмай, жол шетіндегі белгіге соқтығысты. Бірақ ауыр жарақат алмай, жарысты жалғастыра берген. Мәреге үш шақырым қалғанда "Астананың" капитаны басқа шабандоздармен бірге тағы да құлады. 

Нәтижесінде Лопес мәреге 130-шы болып келді. Бірақ кезеңде жеңіске жеткен UAE Team Emirates өкілі Александер Кристоффпен бір уақытта жетті.