Осы уақытқа дейін қоян-қолтық ұрыс деп аталып келген бұл спорт түрі енді жаңаша атауға ие болды. Чемпионат ерлер арасында 9, ал әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған спортпен шұғылданатындар саны қала бойынша 5 мыңнан асып жығылады екен. Ал, білектілер мен жүректілер жиналған жарыста шаһардың 170-тен астам спортшылары бақ сынасуда. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен талай жарыстардың жеңімпаздары да бар.
«Біз жылына екі чемпионат өткіземіз. Қаланың ашық біріншілігі. Бірінші орын алғандар спорт шеберлігіне үміткер атағын алады. Негізгі мына жарыс Президент турниріне іріктеу болып есептеледі», – деді жарыстың бас төрешісі Қайрат МҰХАМБЕКОВ.
ЦСКА спорт кешенінде өтіп жатқан қаланың ашық біріншілігі екі күнге созылады. Ертең финалдық кездесулер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.