Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан Мастерс турнирінің жартылай кезеңіне жолдама алды

29.03.2023 в 19:20

Ол ертең америкалық Джессика Пегуламен кездеседі

Фото с сайта sports.kz

Ал әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан Мастерс турнирінің жартылай кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Отандасымыз ширек финалда италиялық Мартина Тревизаннан басым түсті. 1 сағат 10 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 10 эйс жасап, 9 брэйк-пойнттың бесеуін өз үлесіне алды. Осылайша, ол биыл 12-жеңісіне қол жеткізді

Ертең жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Олар бұған дейін 2 мәрте ойын өткізген. Екеуінде де Пегула жеңген екен.