Жерлесіміз Грузия өкілі Нино Батсиашвилиден басым түсті
Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Гран-приде қатарынан екінші партияны жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жерлесіміз Грузия өкілі Нино Батсиашвилиден басым түсті. Осылайша, әлемнің 2 дүркін чемпионы 2 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Одан кейін 1,5 ұпай жинаған 5 шахматшы келеді. Ал жарысқа 10 спортшы қатысып жатыр.
«Бүгін менің жолым болды. Қарсыласым қателесті. Бұл маған алға шығуға мүмкіндік берді. Тең аяқтала ма деп едім, алайда бақытыма орай жеңіске жеттім. Мен бұл турнирдегі өнеріме қанағаттанамын», – деді шахматшы Бибісара Асаубаева.
Ал бүгін Бибісара ресейлік гроссмейстер Александра Горячкинамен кездеседі. Айта кету керек, Горячкина да бұл жарыста жеңіліссіз келеді. Әлемдік рейтингте ол үшінші орында болса, Асаубаева 29-орында тұр.