Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады
© AP Photo / Richard Drew
Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан бірінші орынға жайғасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Boxrec.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жеңісінен кейін оның рейтингтегі орнын жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты - оның балы 698.6.
Екінші орында – мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі - 687.4 балл.
Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді - 524.0 балл.
Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06