|
10.12.2018 | 14:28
2105

«Қайраттың» 2 футболшысы – әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

«Қайраттың» 2 футболшысы – әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

«Қайрат» АФК ойыншылары Дуглас Жуниор мен Хоссейн Тайеби «Umbro futsal awards» тұжырымы бойынша әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткерлердің ондығына кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2018 жылы Дуглас пен Тайеби «Қайраттың» құрамында Қазақстан чемпионы болды, сондай-ақ клубтың төртінші рет Еременко кубогын иеленуіне атсалысты.

Дуглас Қазақстан құрамасында ойнап жүріп, Еуропа чемпионатының жартылай финалына жетті. Тайеби Иран құрамасының Азия кезекті чемпионатында жеңіске жетуіне көмектесіп, біріншіліктің үздік бомбардирі атанды.

Еске салайық, соңғы төрт жылда «Жылдың үздік ойыншысы» номинациясын португалдық Рикардинью иеленіп келген еді. Айта кеткен жөн, «Қайрат» АФК тағы екі өкілі «Umbro futsal awards» «Әлемнің үздік қақпашысы» (Игита) және «Әлемнің үздік клубтық жаттықтырушысы» (Пауло Рикардо Кака) номинациясына үміткерлік етуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир