|
29.05.2023 | 14:29
993

Alma Cup-2023: жастар арасында футболдан өткен жарыс мәресіне жетті

Сайыстың жүлде қоры – 1 миллион 200 мың теңге

Alma Cup-2023: жастар арасында футболдан өткен жарыс мәресіне жетті Almaty.tv

Футболдан жастар арасында өткен Alma Cup-2023 жарысы өз мәресіне жетті. Алматыда ұйымдастырылған тартысты бәсекеде 36 команда бақ сынап, күні кеше үздік төрттік кіл мықтыны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайыстың  жүлде қоры – 1 миллион 200 мың теңге. Финалдық ойында жеңіске жеткендерге 700 мың, екінші орын алғандарға 350 мың, үштікке кірген командаға 150 мың теңгеден берілді. Жоба ұйымдастырушылары алдағы уақытта спорттың өзге де түрінен түрлі жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

– Футбол ойындары шамамен 3 ай бұрын басталып, жоғары деңгейде өтті. Сайысқа Алматыдағы университеттердің құрамасы қатысты. Енді волейбол мен баскетболдан, киберспорттан жарыс өткізгіміз келеді, – деді ALMA CUP жобасының жетекшісі Саламат Қабидаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир