|
18.06.2021 | 14:30
5308

Әлемге әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

Ол журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, турнирдің басты қонағы ретінде өз ойын ортаға салды

Әлемге әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді  Almaty.tv

Әлемге әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келіп, пресс-конференция ұйымдастырды. Ол журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, турнирдің басты қонағы ретінде өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетейік, бүгін Almaty Arena спорт кешенінде 37-рет ұйымдастырылып жатқан EFC-ден Халықаралық турнир өтеді. Кіл мықтылар жиналған жекпе-жек шеберлерінің арасында 5 отандасымыз бар. Сонымен қоса, Хабиб Нурмагомедов қазақ спортшыларының қазіргі деңгейіне тоқталып, алдағы уақытта өзі үміт артатын жерлестеріміздің есімдерін атады.

«Қазіргі сәтте қазақ спортшыларынан жоғары деңгейде келе жатқан әрі болашағы бар екі мықты спортшыны айта аламын. Олар Шавхат Рахмонов пен Дамир Исмагулов. Осы екеуінің ғана үздік ондыққа кіруіне мүмкіндік бар. Сондықтан да оларға алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тілеймін»,− деді жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC жеңімпазы Хабиб Нурмагомедов.

Одан бөлек, спортшы Алматыға деген көзқарасы ерекше екенін және тұрғындары үнемі жылы қарсы алатынын айтты.

«Алматы − өте әдемі қала. Біздің Дағыстанға қатты ұқсайды. Әсіресе, табиғаты, биік тауларын айтуға болады. Одан бөлек қала тұрғындары үнемі келген сайын жақсы қарсы алып, сыйластық танытады. Мұнда менің бауырларым өте көп», − деді Хабиб Нурмагомедов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир