Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр
Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі санатта еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Спорт Шредингера» Telegram-каналына сілтеме жасап.
Ақтық сында 79 келіге дейінгі салмақта қазақстандық грузин балуаны Владимир Гамкрелидзеден 3:5 есебімен жеңіліп қалды.
Ергеш жартылай финалда америкалық спортшы Картер Староччиді 8-7 есебімен жеңді.
Бұған дейін грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан Олжас Сұлтан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр.