16 жасар Арина Гладышева жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

16.10.2022 19:37

Арина Гладышева 3000 метр қашықтықта барлық қарсыластарын басып озып, бас жүлдені еншіледі

Instagram/altayathletics

Жеңіл атлетикадан еліміздің шығыс өңірінің мектебінің түлегі Арина Гладышева Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Арина Гладышева 3000 метр қашықтықта барлық қарсыластарын басып озып, бас жүлдені еншіледі.

Осылайша, өскемендік 16 жасар жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынын Азия чемпионатының екінші алтын медалімен толықтырды.

Алдында Сабина Арзиева биік тұғырдан көрінген болатын. Ол 5000 метр қашықтықтағы жүрісте ең үздік деп танылды.

Сондай-ақ, Азия чемпионатында қазақстандық Анастасия кедергілері бар 400 метр қашықтықты бағындырып, күміс медаль жеңіп алған болатын.