Қазақстандық боксшы қарсыласын бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді (Видео)

21.11.2020 20:00

Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді

Vesti.kz

«Панда» лақап атымен танылған жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахераны 43 секунд ішінде нокаутқа түсірді. Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Хайалиа қаласында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.