Алматыда футболдан турнир ұйымдастырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Турнир желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желтоқсан оқиғасына қатысушылар құрбан болған замандастарын еске алу мақсатында футболдан турнир ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Олар ала доптың әуесқой түрімен айналысатын спортшылармен бақ сынасты. Бұл жолы футболды жүгіріп емес, жүріп ойнап жарысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – егде жастағы азаматтардың спорттан қол үзіп қалмауы үшін керемет мүмкіндік. Жеңімпаз атанғандарға медаль мен алғыс хат табысталды. Айта кетейік, бүгінде Алматыда желтоқсаншылар құрған 16 бірлестік жұмыс істейді.

«Тәуелсіздік мерекесін тойлау қыркүйек айнынан басталып кетті. Бүгінгі іс-шарамыз соның жалғасы деп айтуға болады. Кеше қаланың барлық ауданында желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті, ас беріліп, құран бағышталды», – деді «Желтоқсан жұлдыздары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Мұстафина.

Новости партнеров