Футзалдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан қарсыласымен тең түсті

21.01.2022 19:42

Бірінші матчта Словенияға қарсы ойнап, 4:4 есебімен ойынды аяқтады

Фото: ашық дереккөзден

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы кездесуінде тең түсті. Бірінші матчта Словенияға қарсы ойнап, 4:4 есебімен ойынды аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Отандастарымыз ойын соңына дейін таразы басын теңестірумен болды. Ел сапынан Джуниор Дуглас дубль жасаса, Біржан Оразов пен Жомарт Тоқаев бір голдан соқты.  

Айта кетейік, Б тобында өнер көрсететін футзалшыларымыз 25 қаңтарда Финляндиямен ойнап, ұпайға таласатын болады. Ал топтық шешуші ойын Италияға қарсы өтпек.