Теннисші Дмитрий Попко Испанияда өткен жарыста чемпион атанды
ҚазАқпарат
Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36