Бибісара Асаубаева Үндістан Гран-приінде көш бастап келеді
Almaty.tv
Бүгін ол Грузиядан келген әлем чемпионы Нана Дзагнидземен кездеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Еліміздің шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Үндістан Гран-приінде көш бастап келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Нью-Делиде өтіп жатқан доданың сегізінші турынан кейін бірінші орында қалды. Сайыстың келесі күні қазақстандық ойыншы турнирдің басты ойыншысы қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең түсті. Қарсыластарына дес бермеген қазақ қызы дәл қазір 5 ұпаймен топ бастап тұр. Қоржынында 4 жеңіс, 2 тең және 1 жеңіліс бар. Бүгін ол Грузиядан келген әлем чемпионы Нана Дзагнидземен кездеседі. Айта кетсек, Үндістан Гран-приінің үшінші кезеңі 5 сәуірде аяқталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
15.10.2026 17:45