Азия ойындары: Галина Дуванова күміс жүлдегер атанды

06.10.2023 в 19:49

Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 16 күміс және 40 қола медаль бар

Азия ойындарында ұлттық құрама он алтыншы күміске қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кезекті жүлдені бүгін джиу-джитсудан сынға түскен Галина Дуванова салды. Ол финалда филиппіндік Анние Рамиезбен жолыққан еді.

Еске салайық, күні кеше отандастарымыз Карина Ибрагимова мен Қамшыбек Қоңқабаев та Азиаданың күміс жүлдегері атанған. Осылайша қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 16 күміс және 40 қола медаль бар.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Қазақстан құрамасы сегізінші алтын медальды иеленді