Емельяненко бокс ережесімен Ресейдің ең мықты адамын нокаутқа түсірді (видео)
Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды. Супер ауыр салмақтағы Емельяненко қарсыласынан басым түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко кәсіпқой бокс ережесі бойынша өзінің отандасы Михаил Кокляевке қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлады sputniknews.kz
Спортшылардың кездесуі Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Кокляев пауэрлифтингпен шұғылданады – 2005 жылы ол Ресейдің ең күшті адамы атанған.
Супер ауыр салмақтағы төрт раундтық жекпе-жекте Емельяненко нокаутпен жеңіске жетті.
Александр кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіске жетіп отыр, бұған дейін 2009 жылы бір ғана жекпе-жек өткізген, ол кезде төрешілердің шешімімен тең түсті – оның қарсыласы Хизир Пилев болды (2-0-1, 1 КО) болды. Спортшының ММА-дегі рекорды – 28-7-1.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52