Б. Сағынтаев — Біз спорттағы жаңа жұлдыздардың бағын ашамыз

Almaty.tv
Almaty.tv
Әкім тұрғындармен өткен есептік кездесуінде жарысқа қатысатын балаларға қолдау көрсету шараларын кеңейту керектігін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен өткен есептік кездесуінде жарысқа қатысатын балаларға қолдау көрсету шараларын кеңейту керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Біз бюджет арқылы қолдау мәселелерін қарастырудамыз. Бұл бағытта тағы қосымша бағдармаларды әзірлеу керек. Егер балалар жақсы жетістіктерге жетіп жатса, біз оларды қолдауымыз керек. Сол арқылы біз Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Жақсылық Үшкемпіров сынды жаңа спорт жұлдыздарын, чемпиондарды тәрбиелейміз. Сонымен қатар, біз пәндік олимпиадаларға қатысып жүрген оқушыларды да қолдауымыз керек», — деді қала әкімі.

Алматыда 15 мыңнан астам кәсіби спортшылар және спортпен тұрақты шұғылданатын 570 мыңдай белсенді бар. Халықтың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтамасыз етуді кеңейту үшін кешенді шаралар қабылдануда. Осы мақсатта қалада 2218 спорт ғимараты бар. Соның ішінде 981-і білім беру ұйымдарына тиесілі немесе дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандар болып табылады. 2019 жылы барлығы 373 мыңнан астам адамды қамтыған 3 285 іс-шара өтті. Сонымен қатар, 8 спорт клубы ашылып, 14 теннис орталығының құрылысы басталды. Оны 2021 жылы іске қосу жоспарлануда.

«Алматы – 2050» стратегиясына сәйкес қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен 6 дене шынықтыру және сауықтыру кешендері жобаланды. Спорт нысандарының қадамдық қолжетімділігін арттыру мақсатында Жетісу ауданының Айнабұлақ пен Кемел ықшамаудандарында, Түрксіб ауданындағы Жас Қанат ықшамауданында — 1, Наурызбай ауданындағы Зерделі мен Ақбұлақ ықшамаудандарында — 2 спорт кешендерін салу көзделуде.


Новости партнеров