Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына жазды.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, - делінген хабарламада.
Еске салайық Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) WTA 500 турнирінің финалында беларусь спортшысы Арина Сабаленконы (2-орын) ұтып, жеңімпазы атанды.
Бірінші сет 6:0 есебімен аяқталып, 25 минутқа созылды. Екінші сет нәтижесі – 6:3. Қазақстан теннисшісі жартылай финалда чех Линда Носкованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Қарсыласу 65 минутқа созылды.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина Брисбенде өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды