Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ойындар Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді. Астанада ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыс өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі дүйім жұртқа таныстырылады. Жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады.
Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Қасымхан Қанат команда намысын қорғайды.
Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Жұмахан Қожабек додада намысқа тырысатын батырлардың бірі.
Дүниежүзілік жарыста Тоғызқұмалақ ойыны бойынша ел намасын Қазақстан құрамасының мүшесі Әсел Дәли қорғауға барын салады.
Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады